From Wikipedia, the free encyclopedia
Виктория (ағылш. Lake Victoria, Victoria Nyanza, суах. Ziwa Victoria, Viktoria Nyanza, Ziwa Nyanza) — Шығыс Африкадағы көл. Танзания, Кения және Уганда мемлекеттерінің аймақтарында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1134 м биіктікте Шығыс Африка платформасының тектоникалық бүгілген тұсында орналасқан. Бұл көл ауданы бойынша Африкадағы ең ірі көл және Жоғарғы Көлден кейін әлемдегі көлемі жөнінен екінші тұщы көл.[1][2]. Виктория тропиктік көлдер арасында аса танымал.
Көлді 1858 жылы британ саяхатшысы Джон Хеннинг Спик ашқан және Ұлыбритания королевасы Викторияның құрметіне атаған болатын.
Су ауданы 68 мың. км²[2], ұзындығы 320 км, ені 275 км. Виктория суқоймасының бір бөлігі болып табылады. Аралдары өте көп. Көлге Кагера өзені құйады, Виктория-Ніл өзені ағып шығады. Көлде жергілікті тұрғындар балық аулаумен айналысады.
Викторияның солтүстік жағалауынан экватор сызығы кесіп өтеді. Көлдің максималды тереңдігі 80 м. Көлдің айналасында шамамен 30 миллион адам мекен етеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.